Қазақ халқының ұлттық тағамдарының түрлерін білесіз бе?

✅Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. «Ас-адамның арқауы», «Жаман ауруға — жақсы ас», «Ас қадірін білмеген аштан өледі, ат қадірін білмеген жаяу қалады» деп халық тегін айтпаған.
✔️АҚЛАҚ-беті алынбаған сүтке қойдың қатығын құйып қайнатып, сарысуын төгіп тастап, үстіне сары май салып әзірлеген тамақ.
✔️ТҮНЕМЕЛ ҚЫМЫЗ-мол қордың үстіне сүт қышқылы арнаулы торсықта сақталып екі тәулік сапырылған, пісуі жеткен қымыз. Бұрындары қазақ халқы «Түнемел қымыз» — ды асықпай отырып ұзақ мәжіліс-мәслихаттарда ішуге даярланған. Оның қыздыратын күші болады. Сондықтан оны көбінесе ет, құрт, май, ірімшікпен ішкен.
✔️ЕТ ТАҒАМДАРЫНАН
ТҮЙЕМЕШ-келіге түйіп, жаңғырыққа салып тоқпақпен жанышталған кескен ет. Оны кейде сол күйі қатырып немесе қарынға салып сақтаған. Майға қарып, суға қайнатып, кейде ішекке тығып қайнатып пісіреді.
✔️ЖАУ ЖҰМЫР- түгелдей өз қарнына салынып, су құймай, қоламтаға пісірілген қой еті. Оны кейде «жау бүйрек» деп те атайды.
✔️БОРША-тауық, қаз, үйрек, бұзау, лақ-қозының еттеріне бұрыш, шикі жұмыртқа, сары май қосып ішекке, бүйенге, нанға тығып пісіреді.
✔️ЕТ ХОШАН-қой құйрығы, қамыр, өсімдік майын қоспалап, қарынға салып пешке пісіретін тұз-бұрышы, иісі, дәмі келісті тамақ.
Бүркітбаева ГҮЛГАУҺАР
Ш.Мұртаза атындағы орталықтың қызметкері.