ҚАРИЯНЫ ҚУАНТТЫ

Сексен. Бұл жасты еңсергендер өмірдің талай белестерінен өтіп, талай асуларын артқа тастаған жандар. Бұл жасты еңсергендер кезінде көрген бейнетінің зейнетіне жетіп, жас ұрпаққа еңбек жолымен, абырой, беделімен үлгі болатын жандар.

Сексеннің сеңгіріне шыққан ардагер, Талас ауданының құрметті азаматы Байұзақ Көлбайұлының мерейтойына орай, аудан басшысы Нұрбол Жүнісбеков қарияның шаңырағына арнайы барды.

«Қарты бар елдің – қазынасы бар» – деген сөз бар халқымызда. Осынау жылдар ішінде өмірдің талай белестерінен табысты өтіп, бүгінде өркен жайған алып бәйтеректей үлкен бір әулеттің ақылшы тірегі, арқа сүйері болып отырсыз. Біз Сіздің өнегелі өміріңізді үлгі тұтамыз. Абыроймен атқарған еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз. Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге ақ ниетпен мықты денсаулық, қажымас күш – қайрат тілейміз» — деді құттықтау сөзінде аудан басшысы.
Бүгінде 30 немере, 7 шөбере сүйіп отырған қария шаңырағына арнайы құттықтай келген аудан әкіміне алғысын білдіріп, ақ батасын берді.

Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі