ҚАРИЯҒА ҚҰРМЕТ

Бүгін аудан әкімі М.Сұлтанғалиев ауданға ұзақ жылдар еңбегі сіңген ақсақал Сатыбалдиев Аман Кәрібайұлын «Сарысу ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады.

Аман Кәрібайұлы еңбек жолын 1958 жылы Сарысу ауданында құрылыс мастері болып бастап, 1966 жылы Жайылма совхозында бухгалтер-экономист, 1984 жылдан «Қаратау кен-химия комбинатында» әртүрлі қызметтер атқарып, 2004 жылы зейнетке шыққан.

Сарысу ауданы әкімдігі