Қарағандылықтар жастар мәселесін ұмытпайды

Қазақстанның жас азаматтары! Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Жұмыс пен сұраныс бар өңірге батыл барыңдар. Шеберліктің шыңына жете білсеңдер, мамандықтың бәрі жақсы. Қазір техникалық мамандықтардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады. Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады. Біз жүзеге асырып жатқан түбегейлі реформалар мен атқарып жатқан қыруар істердің бәрі сендер үшін, болашақ үшін жасалуда.

/Елбасының Қазақстан халқына Жолдауынан/

Еліміздің әр аймағында жастар ісіне аса мән беріліп отыр. Қарағанды облысында жастар саясатын жүзеге асыруда біраз жұмыстар атқарылуда. Облыстық мәслихаттың депутаты Серғазы Әдекеновтің төрағалығымен облыстық мәслихаттың кезекті екінші сессиясы өтті. Оның жұмысына облыс әкімі Нұрмұхамет Әбдібеков, облыстық мәслихаттың хатшысы Рысқали Әбдікеров, облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік органдар басшылары, облыстық департамент бастықтары, БАҚ өкілдері қатысты.

Сессияда облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 16 сәуірдегі ХХХІІІ сессиясының «Қарағанды облысы жастарының патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбиесінің жайы және одан әрі күшейту шаралары туралы» шешімінің орындалысы туралы» қаралды.

Бұл мәселе бойынша облыс әкімінің орынбасары Ж.Әбішев жасады. Баяндамашының айтуынша, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру барысының мәселесі әкімдіктің отырыстарында, аппараттық кеңестерінде қаралып отырады.

330px-Karagandy_in_Kazakhstan.svg2015 жылы облысымызда мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыру бойынша 255985,0 мың теңге (2014 жылы 29181,0 мың теңге) бөлінді. Оның ішінде басқармаға облыстық бюджеттен 126507,0 мың теңге (2014 жылы 162206,0 мың теңге) қаралды. Өңірлік деңгейдегі қаржыландыру 129478,0 мың теңгені (2014 жылы 135752,0 мың теңге) құрады. Облыс өңірлерінде жыл сайын әкімдердің қатысуымен жастар форумдары, конференциялар және түрлі шаралар өтеді.

Жастар ісі жөніндегі ұйымдардың заңды негізде бекітілген кеңес беруші органдары бар. Облыс әкімінің, өңір әкімдерінің төрағалығымен олардың отырыстарында жастар саласының сан қырлы мәселелері жүйелі түрде талқыланып, тиісті шешімдер қабылданады.

01252140014483501962411201556_800x600Жұмыстың тиімділігін барынша арттыру және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасын орындау мақсатында облыстық кеңестің құрамы жаңарып, қоғамдық жастар ұйымының өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары, барлық деңгейдегі депутаттар тартылып, жаңа құрамның 60 пайызын құрады. Облыста жастар ісі жөніндегі кеңестер саны 19-ға жетті, оның біреуі ғана облыстық, қалғаны өңірліктер. Кеңес мәртебесін көтеру және жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында барлық қалалық және аудандық кеңестер төрағалары — өңір әкімдері болып табылады. Сонымен қатар, облысымыздың бірқатар өңірлерінде кеңес мәжілістерін әкім орынбасарларының өткізгені мәлім. Мәселен, 2015 жылы кеңестердің осындай 38 отырысы өткен. Қарағанды, Шахтинск және Нұра аудандарында өткен осындай төрт отырысқа өңір әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Мұнан сырт Қаражал қаласы мен Ақтоғай ауданында күн тәртібіне бір-ақ мәселе шығарылған. Сондай-ақ, Балқаш, Жезқазған қалаларында, Ақтоғай, Бұқар жырау аудандарында бір ғана отырыс өткен.

Өткен жылы аталмыш орталықтар жастар арасында 150 мың адамды қамтыған 3 мыңнан астам шараларды жасады. Еңбекке қабілетті жастарды жұмысқа тарту басты назарда. Осы орайда «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» идеясының жүзеге асуына арналған ұлттық жобаны белсенді түрде қолға алған.

Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 12 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған (2015 жылы — 12333), оның ішінде, 11 мың адам тұрақты жұмысқа қол жеткізді. Кәсіптік бағдар бойынша 190 шара өткізілді. Облыстың 172 мектебінде кәсіптік бағдар кабинеттері ұйымдастырылды (оқу кабинеттері). 3 колледж базасында — Шахтинскідегі технологиялық, Теміртаудағы политехникалық және Абайдағы көпсалалы колледждерде 3 ресурстық орталық ашу жұмысы қолға алынды. Олардың мақсаты — колледждердегі инженер-педагог ұстаздардың біліктілігін арттыру, өндірістегі жұмысшыларды даярлау және қайта даярлау. Орталықтардың ашылуы 2016 жылдың қырқүйек айына жоспарланған. Еңбек күніне арналған облыстық, 18 аудандық және қалалық форумдар өткізілді. Еңбек әулеттері арасында салалық конкурстар ұйымдастырылды. Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік, еңбек қатынастарын реттеу комиссиясының 6 отырысы өткізілді. «Нұрлы болашақ» жалпыұлттық жобасының жобалары жүзеге асырылуда.

Үш тілді білім берудің енгізілуі аясында облысымыздың 13 аймағында мемлекеттік және ағылшын тілдерінде оқытатын курстар ұйымдастырылған. Үш мыңға жуық адам мемлекеттік және ана тілінде оқытылатын 41 этно-лингвистикалық сыныптар жұмыс жасайды.

karagandy3Екі мектепте деңгейлік оқыту бағдарламаларына және қазақ тілінде оқытылмайтын мектептердегі қазақ тілі кітаптарына апробация басталды. Үш тілді білім беру аясында педагогикалық, инженерлік-технологиялық және жаратылыстану-ғылыми бағытындағы арнайы бөлімдер 4 жоғары оқу орындарында жұмыс жасайды (Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ, ҚарМТУ, ҚарЭУ, ҚММУ). Жастар саясатының жаңа моделі қалыптасуда: мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 53,7 млн. теңге сомасына 55тен аса әлеуметтік жастар жобалары жүзеге асырылып, 200 мыңнан аса адам қатысқан 3 мыңға жуық іс-шара өткізілді. Үкіметтік емес жастар ұйымдарының 69 өкілі, 19 ресурстық орталықтар, қоғамдық қозғалыстардың 19 көшбасшылары, 19 білім ұйымдары жастар ісі жөніндегі Кеңеске қосылды.

Кеңестердің 82 отырысы өткізіліп, 100-ден аса ұсыныстар қабылданды. «Жас ұлан» (44180 адам) және «Жас қыран» (26142 адам) балалар мен жасөспірімдер қозғалысы 70 мың мектеп оқушысын немесе 39,5% қамтыды. 29 колледжге қосарлап оқыту жүйесінің элементтері енгізіліп, 1448 шәкіртті қамтыған — 3,9%, 146 кәсіпорын тартылды.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына кадрлар ретінде 124 магистрант «Металлургия», «Автоматизациялау және басқару» мамандықтары бойынша білім алуда. «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша 169 жас маман ауылдық елді мекендерге барды. «Жасыл Ел» жобасына 3 мыңнан аса жас жұмылдырылды. Бес реформаға, сонымен қатар, қазақстандық біртектілік идеясына ақпараттық қолдау көрсету және алға басуына ықпал ету мақсатында «Болашағы біртұтас ел» ақпараттық кампаниясын өткізу бойынша облысымызда қысқа мерзімді медиа-жоспар жүзеге асуда. Жастар саясатының жаңа моделі қалыптасуда: мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 53,7 млн. теңге сомасына 55-тен аса әлеуметтік жастар жобалары жүзеге асырылып, 200 мыңнан аса адам қатысқан 3 мыңға жуық іс-шара өткізілді.

Мамырдың соңында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы ғимаратында облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма мен облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, «Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының Жастар ресурстық орталықтарының мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру тиімділігінің индикаторларын жетілдірудің ІІ кезеңі» атты семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингті «Қарағанды облысы жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Ақжол Құрмансейіт ашқан соң, модераторлар үш секцияда жұмыстарын жүргізді.

Әр істе белсенділік танытып жүретін еріктілерге «Қарағанды облысының Ұлттық волонтерлер желісі» бірлестігінің өкілі Татьяна Миронюк кеңесін айтып, жоғары оқу орындары мен колледждерінен жиналған 65 еріктіні белсенді еңбек етуге шақырды. Астанада өтетін «ЭКСПО — 2017» көрмесінде еріктілерге жүктелетін сенім мен олардың атқаратын жұмыстары баяндалып, жиналған әр жасқа осы бастан білімдерін жетілдіріп, мақсаттарына жетуге сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, Қазақстан жастары конгресі директорының орынбасары, ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес хатшылығының төрағасы Әлия Сәрсекеева мен ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы «Жастар» ғылыми зерттеу орталығының сараптама басқармасының басшысы Людмила Бурлаченко аймақтарда мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жүйесін талқылап, облысымыздың қоғамдық-саяси өмірінде жастардың алатын орны аса маңызды екенін айта отырып, жас қызметкерлерге нақты бағыт-бағдар беріп, жұмыс істеу барысында туындайтын мәселелердің шешу жолдарын қарастырды.

 «Қарағанды облысы жастар ресурстық орталығы» КММ-нің маманы Ернат Кемалов:

—Қарағанды облысында жастар саясаты жұмысының дамуына қызығушылық білдіргендердің іс-әрекетін үйлестіріп, жастар саясатындағы басты міндеттерінің қалыптасу жолы мен құрылымындағы нақты мәселелерді шешу мақсатында өткен аталмыш семинар-тренингке облыс бойынша 19 жастар ресурстық орталықтары директорлары мен қызметкерлері, жастар қоғамдық бірлестіктері, аудан-қалалардың ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері, ауылдық округтердің мамандары, жоғары оқу орындары мен колледждерінің еріктілері қатысып, барлығы 200 адам қамтылды. Семинар-тренинг барысында «Қарағанды облысы жастар ресурстық орталығы» КММнің жастарға әлеуметтік-құқықтық және психологиялық қолдау көрсету бөлімінің басшысы Жанар Турлина баяндама жасап, 14-29 жас аралығындағы кеңес алғысы келген барлық жастарға заңгердің, психологтың кеңесімен қатар, мемлекеттік және аумақтық бағдарламаларға қызығушылық танытқан еңбек саласындағы жас мамандарға, жұмыспен қамту, тұрғын үй мен басқа да кеңес түрлерін алу жолдарын түсіндірді, — дейді.

Семинар-тренинг қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификат табысталып, модератор болған білікті мамандар Алғыс хаттармен марапатталды.

Жұлдыз Тойбек