Қарағанды қаласының «Шырақ» тілдерді оқыту орталығы полиглот Владислав Тенмен қазақ тілін онлайн үйрену шеберлік сабақтарын өткізеді

«Шырақ»оқыту орталығы Lingva TEN тіл орталығының басшысы, қазақ тілі онлайн-мектебінің негізін қалаушы полиглот Владислав Тенмен бірлесіп қарағандылықтарды ZOOM қосымшасы арқылы қазақ тілін оқыту бойынша шеберлік сабақтарына шақырады. Дәрістер бейсенбі күні өтеді.
Сабақтың ұзақтығы – бір сағат. Оларды Владислав Тен өзі жүргізеді.
– Шеберлік сабақтары тілді тереңірек үйренгісі келетін қарағандылықтарға есептелген. Сәрсенбіде офлайн сабақтар да жалғасады. Олар Жамбыл көшесі, 151 орталықтандырылған кітапхана жүйесі базасында орналасқан біздің «Шырақ» орталығында өтуде, – дейді қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Томирис Мұхамеджан.
«Шырақ» орталығында шеберлік сабақтары мен оқуға қатысуға келесі нөмірлер бойынша жазылуға болады: (8-7212) 50-65-59, 42-14-61, 8-777-233-42-61 (WhatsApp). Бүгінгі таңда сабақтарға 30-ға жуық адам жазылды.

Жомарт Шаймұрат