Қарағанды қаласында Ахаңның суреті бейнеленген тас тұғыр орнатылды

Қалалық Ахмет Байтұрсынов атындағы №41 мектепте Ұлт ұстазының 150 жылдық мерейтойына орай мектеп алдында Ахаңның құрметіне суреті бейнеленген тас тұғыр орнатылды.
Аталған іс-шараны қолға алып, ұйымдастырған руханият жанашыры, ақын Жұмағұлов Айтбай Ботпайұлы.
Тас тұғырға белгілі тұлғалардың бейнесін салып жүрген қол шебері, Кәрім Манарбек.
Манарбек ағамыз бұған дейін Абай, Бұқаржыраудың бейнелерін салған. Сонымен қатар демеушілік көрсеткен Ибекеев Сапар ағамызға және тас тұғырды орнатуға үлесін қосқан Акишев Азамат.
Іс-шараға мектеп ұжымы, қала қонақтары, депутаттар, қаламыздың зиялы қауым өкілдері, тұрғындар қатысты.
Өз заманының ағысына қарсы тұра білген қайраткер. Қазақ халқының рухани көсемі болып, білім алуға және бұқараны ағартуына шақырған. Қазақтың қазақ бола білуіне кеудесіндегі жанын да аямаған ұлт зиялысының рухы қашанда өшпейтініе көзіміз жетті.
Аталған мектепте келешекте Ахаңдай ұлт жанашыры болатын азаматтар шығатынына кәміл сенеміз!

Жомарт Шаймұрат