Қанатты сөздер

1. Басыңа күн туса, соған разылық білдір. Саған осы мерзім ішінде қандай мықты екеніңді көрсетті.
«Қайғыға шыңдалған жан қайсар болады, ең мықты адамның жүрегі тыртық-тыртық».
2. Адамгершілік – қайратты адамға тән қасиет.
«Сезімталдық пен мейірім шын мәнінде осалдық пен торығудың белгісі емес, ырық пен ықтиярдың, күш-қуаттың көрінісі».
3. Абсолют ақиқат жоқ.
«Абсолют ақиқатты білмеймін. Білмегенімнің алдында бас иемін. Менің арым мен марапатым сол».
«»Мен шындықты таптым» деме, «шындықтың жұрнағын байқадым» дегін».
4. Басыңа күн туғанда қасыңнан табылғандарды ешқашан ұмытпайсың.
«Кіммен бірге күлгеніңді тез ұмытасың. Бірақ бірге жыласқан жанды еш уақытта ұмытпайсың».
«Қуаныш пен шаттыққа қарағанда қайғы табыстырған жүректердің одағы ұзаққа созылады. Көз жасынан туған махаббат — мөлдір әрі мәңгілік».
5. Ең қарапайым дүние кейде ең ерекше болып шығады.
«Күлкі мен өзара шаттық достықтың ажырамас бөлігі. Ұсақ-түйектің шығымен жүрек таңды қарсы алады, жуынады».
6. Махаббат деген Өмір. Өмір деген Махаббат.
«Сүйген кезде ешқашан: «Жүрегімде Құдай бар» деме, одан да: «Мен Құдайдың жүрегіндемін» дегенің жөн. Махаббатты өзім бағыттаймын деп әуре болма, махаббаттың келгені рас болса, ол сені өзі бағыттайды».
«Махаббатсыз өмір — гүлі мен жемісі жоқ ағаштай».
7. Істің бәрін сүйіспеншілікпен істе.
«Еңбек деген көзге көрінетін сүйіспеншілік. Ісіңді сүймесең, айтқан әнің шын жүректен шықпаса, ол жұмысты доғарғаның абзал. Ғибатхананың есігінің көзіне отырып, жұмысын шын ынтамен істегендерден қайыр тіле. Себебі, пісірген наның ынтасыз піссе, сен ащы нан пісіргенің, ол жарым-жартылай ғана құнарлы. Егер жүзімді ықтиярсыз сығып жатсаң, сенің құлықсыздығың шарапты уға айналдырады. Дауысың бұлбұлдың дауысындай болса да, сен махаббатсыз ән салсаң, тыңдарманның жүрегіндегі күн мен түннің дыбысын өшіргенің».
8. Махаббатқа ие болу мүмкін емес.
«Махаббат ештеңеге иелік етпейді, оған да ешкім иелік етпесін дейді. Махаббатты өзің қалаған жолға түсірем деп шаршама, егер махаббат шын бұйырса, ол өзі сені дұрыс жолға бағыттайды».
9. Сенің өмірге деген көзқарасың өмірдің саған көзқарасын анықтайды.
«Сендік өмір саған не бергенімен емес, сенің өмірге деген көзқарасыңмен анықталады; саған не болғаны емес, болған жағдайды қалай сипаттағаныңмен маңызды».
10. Жарқын жақта бол.
«Оптимист райхангүлін көреді, тікенегін байқамайды; пессимист тікенекті байқап, гүлге назар салмайды».
11. Біз затты сол күйінде емес, өзіміз қандай болсақ, сол биіктен көреміз.
«Заттың сыртқы сипаты көңіл күйге қарай өзгереді, сондықтан олардан сұлулық пен сиқырды байқаймыз, ал шын мәнінде сұлулық пен сиқыр өз жүрегімізде».
12. Шынайы махаббат – рухани жақындықтың жемісі.
«Махаббат ұзақ жылғы достық пен үздіксіз көңілін аулаудан туады деу ағаттық. Махаббат рухани жақындықтың жемісі. Егер сол жақындық бір секундтан кейін тумаса, ол араға жыл салып та тумас».
13. Емен мен сауырағаш бір-бірінің саясында өспейді.
«Бір-біріңді сүйіңдер, алайда махаббаттан тұзақ жасамаңдар.
Жан-жүректеріңнің жағалауы арасында толқындаған теңіз болсын.
Бір-біріңнің құмыраларыңды толтыр, тек бір құмырадан ішпеңдер.
Бір-біріңе нан беріңдер, тек бір тілімге таласпаңдар.
Бірге ән салып, билеңдер, ойнап-күліңдер, кейде жалғыз қалуға мүмкіндік беріңдер».
Халиль Джебран