ҚАНАТТЫ СӨЗ – ҚАЗЫНА

Алланың өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөз еш уақытта жалған болмас.
***
Жартылай мұсылман — жарты адам,
Толық мұсылман — толық адам.
***
Пайда, залалды айыратұғын қуаттың аты — ақыл…
***
Адамның адамшылығы — ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
***
Адамды сүй, Алланың хикметін сез,
Не қызық бар өмірде онан басқа?!
***
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті,
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
***
Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.
***
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,
Қардың суы секілді тез суалар.
***
Еңбек — қуаныш, жалқаулық — айрылмас азап.
***
Жұмысы жоқтық,
Тамағы тоқтық,
Аздырар адам баласын.
***
Сақалын сатқан кәріден,
Еңбегін сатқан бала артық.
***
Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды.
***
Махаббат — әуелі адамның адамдығы, ғылым деген нәрселермен байланысты.
***
Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім.
***
Кімнің ұяты жоқ болса, соның иманы жоқ.
***
Нысап, ұят — бұл ғаділеттен шығады.
***
Жасанды кішіпейілділік — жақсы қасиет емес.
***
Ақылсыз шынға сенбей, жоққа сенбек.
***
Бес нәрседен қашық бол:
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек бекер мал шашпақ.
***
Адам баласының ең жаманы — талапсызы.
***
Сенбе ешкімге, тұрса да қанша мақтап,
Қор етеді, кулығын ішке сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Ақылың мен еңбегің екі жақтап.
***
Ақылмен ойлап білген сөз,
Бойына жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырды қуалар.
(Абай)
***
Біліп айтқан сөзге құн жетпейді,
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді.
(Төле би)
***
Ел бастау қиын емес,
Қонатын жерден көл табылады.
Қол бастау қиын емес,
Шабатын жерден ел табылады.
Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ.
(Бұқар жырау)
***
Ана тілі — халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі.
(Жүсіпбек Аймауытұлы)
***
Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады.
(Мұхтар Әуезов)
***
Әлемде адамдар достасулары керек. Олардың бірін-бірі сүюге мәжбүрлей алмаспыз, бірақ мен адамдар арасындағы өшпенділіктердің көзін жойғым келеді.
(Айзек Азимов)
***
Мемлекет басқаруға лайықты жаралғанбыз дейтіндер көбіне-көп ақылы орта, жаны жарымжан адамдар. Міне, солар асқан жігер мен табандылық танытып алға ұмтылады. Ақыры біреуі өлермендікпен үкімет басына жетіп жығылады.
(Ч.И.Амирэджиби)
***
Өзімізді-өзіміз тежеп ұстай білуге жарты өмірімізді жұмсайды екенбіз.
Әйелдермен ақыл арқылы емес, жүрекпен сөйлесу керек.
(М.Арнольд)
Ұлым, ақыл тыңдасаң, білімсіздік жоғалар, білім қалар артыңда, ғұмыр сырғып жоғалар.
Махмұт Қашқари
Өлмесе қайда кетті — бұрынғының кәрісі, пайғамбардың бәрісі, жердің жүзін жалмаса да тоймайды — қара жердің талысы. Өткенге — өкінбе, келмеске — кейіме, өлім деген — ұзақ жолдың алысы.
Би-шешендер
Халқыңа адал бол, жауыңа қатал бол, досыңа адал бол!
Төле би Әлібекұлы
Даналардың сөзі — ақыл, зер салсаң, зердеңе қонар.
Махмұт Қашқари
Хан әділ болса — халық ынтымақты болады.
Майқы би
Жомарт бергенін айтпас.
Халық даналығы
Өзі таза адам өзгеге күйе жаға алмайды. Күйе жағу үшін өзінде күйе болу керек.
Ғабит Мүсірепов
Рақымшыл болсаң, менмен болма. Рақымың болмай мақтансаң, қиын-қыстауда қиналарсың.
Махмұт Қашқари
Шындыққа өлім жоқ.
Халық даналығы
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Абай Құнанбаев
Ағаң келсе — ардақтап атын байлағандай, қонағың келсе — құрметтеп, көңілін жайлағандай тындырымды ісің болғанға не жетсін.
Әйтеке Байбекұлы
Туғаныңның мәртебесін өсіргің келсе, сый-сияпат көрсет.
Махмұт Қашқари
Әділдіктің белгісі — біле тұра бұрмаса, ақылдының белгісі — өткен істі қумаса.
Асан қайғы
Ақиқат — адал айтыстан туады.
Шерхан Мұртаза
Әділ биі болмаса — бірлігі кеткен ел ғаріп,
Қадірін елі білмесе — қайратты туған ер ғаріп.
Би-шешендер
Туралық — хақтың мейірі.
Сайф Сарайи
Пайдасыз шындықтан — пайдалы өтірік артық.
Сайф Сарайи
Шыншылдық адалдықпен ағзалас.
Әбу Насыр әл-Фараби
Қара қылды қақ жарған — жақсылардың белгісі.
Әйтеке Байбекұлы
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.
Абай Құнанбаев
Ізгілік пен әділдік өлмейді.
Сайф Сарайи
Өтірік пен шынның арасы — төрт-ақ елі.

Жиренше шешен