Қайырымдылық жасау – ізгілікке бастау

Күллі мұсылман қауымының асыға күткен қасиетті Рамазан айы да келіп жетті. Рамазан – мұсылман үшін қасиетті де берекелі ай. Ішкі дүниемізді жаман ойдан арылтып, сыртқы дүниемізді теріс әрекеттен тазартатын ораза – мұсылман қауымының үлкен сабыр мектебі. Рамазан–қайырымдылық айы, бұл айда игі амалдың, қайырымдылық көмектің сауабы сансыз сауапқа еселенетіні белгілі.
Бүгін аудан әкімдігінің қызметкерлері көмекке мұқтаж болған жандар үшін қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Шара орталық мешіттің жанынан бастау алды.

Сарысу ауданы әкімдігі