«ЕлАна» бүгінгі туған күн иесін құттықтайды!

 

Бүгін Алаштың айтулы ақыны, Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, Әлем халықтары Жазушылар одағының мүшесі, ондаған жыр жинақтарының авторы, филология ғылымдарының кандидаты, ұстаз Серікбай Оспанұлының туған күні. Жыр жампозы өзінің туған күніне арнап жазған өлеңін мына бір шумақпен бастаған екен:

«Жау жеңіліп, жеңіс келген дәуірде,

Тау көрініп, қол созып ел тәуірге

Тұрған шақта Өскен гүлдей

Туыппын Мың тоғыз жүз қырық бесте Сәуірде»12472288_797641720365836_378135311241784385_n

Бір ғана «Сағындым Алматымды» әні қазақ көгінде қырық жылдан астам шырқалып келеді екен. Әлі де қалықтай бермек. Сол бір ұйқастары жұп-жұмыр, айтуға жеңіл, бір тыңдаған адамды өзіне еріксіз баурап алатын әсері мол әуен өзіне болашақта үлкен даңғыл салған Серікбай ақынның жан тебіренісі екенін ел ұмытпайды.

«Сағындым Алматымды» атақты Валентина Толкунованың, Нұрғали Нүсіпжановтың,  Мақпал Жүнісованың орындауында тыңдарманды ерекше ерекше әсерге бөлесе, кейін «МузАРТ» тобы әні қайтадан өмірге әкелді десек те болады. Әйтпесе ақынның «Шилі өзен», «Айлы түнде», «Жан еркем» әндері ел арасына кеңінен тарады. Серікбай Оспановтың өзі де ән шығарады. Секең шығарған «Тобыл ағады» әнін бір тыңдағаннан кәсіби сазгер жазған деп қалуыңыз мүмкін.

Серікбай Оспанұлы марапат, құрметке кенде емес. Біріккен Ұлттар Ұйымы аясында құрылған Халықаралық жазушылар одағы Ыбырай Алтынсарин мұраларын халыққа танытудағы, Алтынсариннің ілімін дәріптеудегі ұзақ жылдарғы ерен еңбегі үшін «Ұлт мақтанышы – гордость нации» медалімен марапаттады. Медалді «Бейбітшілік әлемі» Президенті, Қазақстан және Евразия Жазушылар одағының мүшесі, БҰҰ халықаралық Адам құқығын қорғау комитетінің генерал- майоры, э.ғ.д., профессор, академик А.А. Нұрманов тапсырды.

«ЕлАна» қоғамдық-әлеуметтік, ақпараттық-танымдық сайты ұжымы бүгінгі туған күн иесін шын жүректен құттықтаймыз!. Ақынның ақпараттық кеңістігіміздің алғашқы батасын берген авторы екенін айта кету керек. Бүгінгі таңда ғалым Ыбырай баба мұраларын зерттеуді жаңа қырынан қолға алды. Сол дүниелері сайтымызда үнемі жарияланып отырмақ.