ҚҰНАНБАЙДЫҢ ТАҒЫ БІР ҚЫРЫ…..

Ахат Шәкәрімұлы жазып кеткен мына бір әңгімені оқыдым: «Құнанбай он бес жасынан бастап күреске түсіп, ел арасындағы өзіне құрбы мықтымын дегендерді жығып, балуан атанған.
Он сегіз жасар шамасында Құнанбайдың жаурыны жерге тимеген көтібақ руынан шыққан, он бес жасынан әйгілі боп, атағы жайылған Сеңгірбай балуанмен күресу ойында болады.
Сеңгірбайдың Құнанбайдан жасы үлкен, әрі туысы жақын. Сеңгірбайға келіп: «Қайсымыз жыққанымызды ешкімге айтпайық, жықсам да, жығылсам да ат шапан айып берейін, сізбен оңаша күресейін деп едім», – дейді.
Сөйтіп казіргі «Жарқымбай биігі» деген таудың сайында екеуі оңаша күреседі. Бірақ қайсысы жыққанын ешкім білмеген, олар айтпаған. Ат пен шапанды Сеңгірбай алған. Уәдеге берік адамдар сырларын ішке сақтап кеткен.
Сеңгірбай өлген соң Құнанбайдан: «Қайсыңыз жықтыныздар?» – деген құрбы достарына Құнанбай: «Секең өлді деп уәдені бұзғаным лайық емес», – деп жауап берген».
Иә,Абайдай ұлды туғызған Құнанбайдан асқан қазақ жоқ қой-деген Жамбыл (Жабаев) атамыздың сөзінің тағы бір дәлелі деуге де болатын секілді осы бір мысалды…

Амантай Тойшыбайұлы.