Өрге тартқан іс.

 

«Мелисса» дәріханасы меңгерушісі Гүлжан Кеңесбайқызына жолығып, сөзге тартқан едік: – Бүгінгі таңда дәріхана торабына айналған «Мелисса» атаулы емдік кәсіпорын өзінің бастауын осыдан жиырма жыл бұрын алған еді. «Мелисса» атауының қойылу тарихы да әрқалай болуы мүмкін. Тегі Мелисса дәрілік шөп ретінде адамзат тарихында екі мың жылдан бері белгілі. Ескі грек тілінде мелисса ара дегенді білдіреді.

Мекеме қожайыны Бақыт Қадырбайқызы кезінде ет тірлік танытып, кеңестік дәуірдегі бір дәріхананы жекешелендіріп, жұбайы Мәлік Қалиұлы және ұлдары  Омармен үшеуі сол шаруаны дөңгелентіп, кәсіпорын санын бүгіндері тоғызға жеткізді.  Осы үлкен де шарапатты шаруаның ыстық-суығын қатар бөлісіп келе жатқан сатып алу бойынша менеджер Лидия Александровна мен коммерциялық директор Кәмшат Төремұратқызы сынды сауатты, алғыр мамандардың еңбектері де бір төбе.

2008 жылдан бері дәріхана меңгерушілігі қызметіндегі өз басым кәсіпорын қызметі жайлы халықтың жақсы пікірде екендігіне куә болып келемін. Кімде-кім болмасын әйтеу бір сырқаттанып, дәріханаға жүгінетіні рас. Бастапқыда дәрігерге қаралып, сосын диагнозы қойылған соң, дәрі алуы тиіс. Міне осы арада дәріхана қызметкерлерінің пайдалы кеңесі мен жылы лебізі өте қажет. Себебі, дәріні қалай пайдалану керектігі, оның жағымсыз әсерлері мен дозасы жайлы толық та түсінікті мәліметті алу науқас үшін аса маңызды.

Осы орайда «Мелисса» дәріханасы дәрі таңдауда және сапалы қызмет көрсету жағынан жұртшылық арасында жылышырайға бөленген мекеме қатарынан танылады. Сонымен қатар тегін кеңес беру салтқа айналған. Дәріні қалай пайдалану керектігі, жалпы аталған дәріні басқа түрімен алмастыру қажет пе, жоқ па пе деген сұрақтарға жауап ала алады. Сондай-ақ дәрінің жағымсыз әсерлері туралы да алдын ала ескертіледі.

Бұл мекемеде уақыт сынынан өткен, сауатты мамандар еңбек етеді. Кей кезде дәрігердің рецептегі түсініксіз жазуын оқи алмай тұрған науқасқа көмектесуге тура келеді. Дәрігерге барып уақыт жоғалтпай- ақ, кей жағдайларда гигиеналық бағыттағы ақыл-кеңестер алуға болады.

Халықпен қызмет жасаған соң небір оқиғалар да болып тұрады. Бірақ соның түйінін шиеленістрмей шешу де аса тапқырлықты қажет етеді. Мысал ретінде мынадай бір әжуаны айта кеткен дұрыс сияқты.

Бір еркек дәріханаға кіріп келіп: – Сіздерде банан бар ма? – деп сұрайды да – Өйбу, бұл қымбат дәріхана екен ғой. Бұндай жерде банан болмайды. – деп шығып кетеді. Сосын келесі күні тағы келеді. – Сіздерде банан бар ма? Туу, бұнда дәрі-дәрмек, бәнкі-сәңкі сатылады екен ғой! – деп тағы кетеді. Сөйтіп қатарынан бес-алты күн дәріхана сатушысының қанын ішеді. Әбден зықысы шыққан соң ол, үлкен ақ қағазға «Банан жоқ» деп жазып, көрнекті жерге іліп қояды. Тағы келген әлгі еркек: «Бәсе, бананның болғаны рас екен ғой» депті дейді  ұнжырғасы түсіп.

Осындай көңілді нотада әңгімемізді аяқтап, жиырма жылдан астам шарапатты іспен шұғылданып келе жатқан «Мелисса» дәріхана торабы қызметкерлеріне  сәттілік тіледім.

Заман Төлеуов,

Алматы қаласы