Әр заманға бір зауал

Заң әдет ғұрыпқа қайшы келсе – үлкен аяққа тар етік кигенмен бірдей.
***
Халықтың жайын, салтын, рәсімін, тілін білмейтін сот – сот емес, сор.
***
Әр заманға бір зауал.
***
Ар-намыс, махаббат болмаған жерде адамшылық тұра ма?! Бұл сипаттардың болуы үшін адам баласы азат, тәрбиелі болуға тиіс.

Міржақып Дулатұлы