Әлемде теңдесі жоқ футбол турнирі

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, спорт журналистікасының жампозы, әлемде теңдесі жоқ «Бір атаның балалары футбол ойнайды» атты жобаның авторы, жазушы, спорт шебері Несіп Жүнісбайұлы Қазақстан Республикасының «Отбасы күніне» арналған кіші футболдан «Бір атаның балалары ойнайды» жанұялық республикалық ХХ турнирін «Тараз – Арена » спорт сарайында, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өткізді.

Бұл жобаның ерекшелігі, футбол командасының құрамы бір атадан, әулеттен тараған туыс-бауырлардан тұрады, аталары бас болып немерелерімен бірге ойнайды.


«Отан, отбасынан басталады» деп бекер айтпаймыз, әр отбасының, әр әулеттің жігіттері бір команда болып, жұдырықтай жұмылып, футбол ойнаса, салауатты өмір салтын ұстанса, тату, бауырмашыл, бір біріне мейрімді болса, керемет емеспе!

Таразда кіші футболдан «Бір атаның балалары футбол ойнайды» ХХ республикалық, 33 отбасылық командалар қатысқан турнирдің нәтижесінде:

1. орынды – Мұхтар ата командасы жеңіп алды. (500 мың теңге)

2. орынды – Базарбаевтар әулеті – (300 мың теңге)

3. орынды – Жолдас әулеті – (200мың теңге)

4. орынды – Мырзабековтар жанұялық командасы

(Барлығы Түркістан облысынан)

Турнирдің ең жас ойыншысы – Мырзашевтар әулетінен Мұхамеджан Нұрғиса атанды.

Ардагер футболшы – Тлешев Әзімбек (Кейкі Батыр әулеті)

Үздік қақпашы – Туғанбаев Марат атанды (Мәуленовтер отбасы)

«Сұрмерген » номинациясын – Еркебұлан Нұртасұлы (Жолдас әулеті) жеңіп алды.

Үздік шабуылшы – Райымбек Мұхтар атанды (Турнир жеңімпазы Мұхтар ата командасынан)

Жеңістерің құтты болсын құрметті ағайын-бауырлар!

Осындай, әлемде теңдесі жоқ жобаны іске асырып жатқан ақтаңгер, ұлтжанды тұлға – Несіп Жүнісбайұлына алғыс айтамыз!

Жамбыл облысының Құрметті азаматы – Қасымхан Төлендиев