Ұрпақ жалғастыруға қабілетті әйелдің денсаулығы

Ұрпақ жалғастыруға қабілетті әйелдің денсаулығы
Ұрпақ жалғастыруға қабілетті денсаулық – бұл өмірдің барлық кезеңінде ұрпақ жалғастыруға қабілетті жүйе ауруларының болмаған кезіндегі толық физикалық, ақыл-ой және әлеуметтік амандық жағдайы. Ал, ұрпақ жалғастыруға қабілетті жүйе – ол бала тууға жауапты органдардың барлығы. Осылайша, біздің ұрпақ жалғастыруға қабілетті денсаулық тікелей ұрпақ жалғастыруға қабілетті жүйемен байланысты. Өмірге қалаулы және дені сау бала келуі үшін қазіргі заманның әрбір адамы өзінің ұрпақ жалғастыруға қабілетті денсаулығын қалай сақтау керек екендігін білуі керек.
Өзіңнің ұрпақ жалғастыруға қабілетті денсаулығыңды қалай сақтауға болады?
Бала тууға қолайлы жас – 20-35 жас. Егер жүктілік бұдан ерте не кеш туатын болса, ол көптеген асқынулармен өтуі мүмкін екендігі және ана мен бала денсаулығының бұзылу мүмкіндігі дәлелденген. Сондықтан асықпауға тырысыңыз, бірақ бала туу мерзімін де кештетпеңіз.
Бала туудағы аралық 2-2,5 жыл болу керектігі ұсынылған, осылайша келесі бала тууға дейін ана денсаулығы қалпына келіп, болашақта туатын бала денсаулығына септігін тигізеді.
Контрацепцияның заманауи әдістерін пайдалана отырып, қаламаған жүктілікті ескертуге болады.
Контрацепция сырлас өмірді неғұрлым үйлесімді етеді, қажетсіз толқулар мен күдікті ыдратады, сондықтан егер жуық арада ұрпақ жалғастыруды жоспарлап жүрген болсаңыз, онда келеңсіз жағдайларды болдырмаудың жолдарын қарастырыңыз.
Өкінішке орай біздің арамызда ауыр ауруларға байланысты жүктілік қарсы көрсеткіш болып келетін әйелдер бар ғой, мұндай жұптар үшін отбасын жоспарлау кабинеттерінің дәрігерлерімен және аурулар бойынша маман дәрігерлермен кеңесіп барып жүктілікті болдыру керек. Отбасын жоспарлау – қалаулы балалардың ғана тууын білдіретін әйел өміріндегі маңызды кезең. Қаламаған жүктілікті ескерту үшін контрацепцияның әр түрлі әдістері қолданылады. Әдісті таңдау әйел денсаулығын жақсартуға және гинекологиялық аурулар қатарын ескертуге, әдіс сенімділігі, сондай-ақ әйелдің контрацептивке деген дербес көзқарасын жақсарту үшін қолдануға болатын контрацептивті емес қасиеттерді есепке ала отырып жүзеге асырылады.
Контрацепцияның қандай әдістері бар?
Контрацептивті әдістер ішінен мыналар танылады: гормоналды әдістер (ОК), жатыр іші контрацептиві (ВМС), кедергілі әдіс (мүшеқаптар), химиялық әдістер (спермицидтер), лактациялы аменорея әдісі (емшек емізу) туғаннан кейінгі 6 ай ішінде тиімді.
Босанғаннан кейінгі кезеңде қаламаған жүктіліктен сақтанудың қандай әдістері қабылданған?
Жоғарыда аталған барлық әдіс босанғаннан кейін де қолданыла алады. Гормоналды әдістердің ішінен «Лактинет» сияқты мини-пили таблеткаларына айрықша көңіл қойған дұрыс.
Әйелдер гормоналды контрацептивтерден толады ма?
Ауыз арқылы қолданылатын құрама контрацептивтер дене салмағының өзгеруіне әсер етуі мүмкін, себебі құрамындағы әйел гормоны эстрогендердің организмде сұйықтықты ұстап қалу қасиеті бар, организмнен біршама уақыттан кейін ғана шығарылады. Препараттың құрамында эстрогеннің мөлшері неғұрлым көп болса, соғұрлым әсері көп. Дене салмағының өзгеруі сондай-ақ жүкті болып қалуға қарсы құралдарға дербес төзімділігімен де байланысты. Бұрын жүкті болып қалуға қарсы таблеткалардың құрамында гормонның мөлшері көп болған, сондықтан дене салмағын қосу жиі болатын жанама әсердің бірі болған. Жүкті болып қалуға қарсы заманауи таблеткалар – микромөлшерлі препараттар.
Гормоналды контрацептивтерді пайдаланған кезде үзіліс жасау керек пе?
Медициналық көзқарас бойынша мұндай үзілістерден денсаулыққа ешқандай пайда жоқ және де үзілістен кейін қайта қабылдаудың алғашқы 3 айында жанама әсер көп болуы мүмкін, өйткені жүкті болуға қарсы дәріні қабылдау үшін ағза тағы да дайындалуға мәжбүр болады. Сондай-ақ үзіліс әр төртінші әйелдің мерзімсіз жүкті болып қалуына әкеліп соқтырады.
Егер әйел емшек емізетін болса, жүкті болып қалмайды?
Расында, табиғат емізетін аналардың жүктіліктен сақтануының табиғи жолын қарастырып қойған, былайша айтқанда лактациялы аменорея кезеңі, бірақ ол баланы тек қана емшек сүтімен тәулігіне 7-8 рет қоректендіргенде және етеккір келгенге дейін ғана мүмкін. Егер осы жағдайлардың ең болмаса біреуі орындалмай қалған жағдайда әйелдің жүкті болып қалуы ықтимал.
Перзентханаға барарда не алып бару қажет?
Жауап: Перзентханаға түскен кезде қолыңда ескерту картасы, жеке куәлік және жеке басыңның тазалығына қажетті заттар болу керек.
Әйелдің қалауы бойынша өзінің перзентханасына түсуіне болады ма?
Жауап: «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 91-бабы «Пациенттер құқығы» бойынша пациенттердің медициналық ұйымды таңдауға құқығы бар. Жоспарлы госпитализациялау кезінде жолдама және госпитализацияның кодын алу қажет, шұғыл түрде госпитализациялану кезінде (толғақ белсенділігінің жиі болуы немесе ұрық айналасындағы су кету) жолдама мен код қажет емес.
Қазір «серіктік босану» туралы ақпарат көп. Бала туу кезінде кімдер серік бола алады?
Жауап: Қалалық перзентхана бала туу кезінде әйелдің жанында серік болғанын мақұлдайды. Әйелдің серігі ретінде оған босану кезінде психологиялық қолдау көрсете алатын, қажетіне қарай босандыру әдістерін таңдауда ат салыса алатын жұбайы, жақын туысы, құрбысы бола алады. Босану бөлмесінде жақын адамның болуы (акушермен бірге) босану ағымы мен аяқталуына, ананың босанғаннан кейінгі бейімделуіне, ана мен баланың өзара қарым-қатынасына, емшек емізуіне және де жұбайлық қарым-қатынасқа оң нәтижесін береді. Ең жақсы серік ретінде жұбайын атауға болады, кейбір жағдайларда толғатқан әйелдің анасы немесе енесі пайдалы серік бола алады. Серік толғатқан әйелге физикалық көмек көрсете алады (арқасын уқалау немесе бетін сүрту), бірақ, ең бағалысы – толғатқан әйелдің көңіл-күйіне жақсы әсер беріп, мақтау айтуы.
Серік қандай тексерістен өтіп, өзімен бірге не алып баруы қажет?
Толғатқан әйелге босану кезінде көмектесуге серік адамның құлшынысы жақсы болу керек. Серіктің қандай да болмасын тексерістен өтуі міндетті емес. Палатада жүріп-тұруына ыңғайлы болуы үшін ауыстыратын аяқ киім мен ауыстырып киетін таза киімі болу керек.
Босануға барарда өзімен бірге баланың бас киімін, шұлығын, жаялығын, қолғабын алуға болады ма?
Бала туған кезде жылулықты сақтау үшін басына жылы бас киім кигізіледі. Егер сіз нәрестенің киімін ұмытып кеткен болсаңыз, перзентханада нәрестеге арналған керек-жарақтың бәрі бар.
Босанғаннан кейін, ота жасалғаннан кейін туған-туыстарының кіруіне рұқсат бар ма?
Босанғаннан кейін де, ота жасалғаннан кейін де санитарлық талапқа сай құрылатын келіп-кету кестесіне сәйкес туған-туыстарының кіруіне рұқсат бар. Одан басқа, пациенттердің қауіпсіздігі үшін Ішкі қауіпсіздік қызметі пациенттерге кірушілерге бас дәрігердің қолымен расталып, мөрмен бекітілген рұқсат қағаз береді.
Бедеулік диагнозы туралы қашан айтуға болады?
Бедеулік диагнозы 35 жасқа дейінгі жұптың себепті факторлармен толық тексерістен өтулерінен кейін және тұрақты жыныстық қатынас өмірінде 12 ай бойы жүктілік болмаған жағдайда, сондай-ақ жұбайының жасы 40-тан асқан, өзінің жасы 35-тен асқан пациенттің 6 ай бойы жүкті бола алмау жағдайында қойылады.
Экстро-корпоралды ұрықтандыру (жатырға ұрық салу) шарасы немесе бедеулікті емдеудің басқа да әдістері бізге көрсетілген-көрсетілмегендігін білу үшін қайда жүгінуімізге болады?
Бедеулік проблемасы мазалап жүрген барлық ерлі-зайыптылар № 3 перзентхана базасында орналасқан Отбасын жоспарлау және репродукция орталығына жүгініп, 43-27-25 телефон нөмірі арқылы дәрігердің қабылдауына жазылулары керек. Орталықта ерлі-зайыптылар гормон, спермограмма, жұқпаны анықтау сияқты тексерістерден өтіп, терапевт-эндекринолог, маммолог, психолог және басқа да мамандардың кеңесін алады. Осыдан кейін барып ЭКҰ шарасына көрсеткіш бар-жоқ екендігі анықталады.
Бедеулік себептері мен ЭКҰ-ға көрсеткішті анықтау үшін қанша уақыт қажет?
Елі-зайыптыны Отбасын жоспарлау және репродукция орталығында толық тексергеннен кейін бедеуліктің консервативті немесе оталы емдеуге жатпайтын себебі анықталғаннан кейін дәрігерлер емдеуді 1,5 – 2 жылдан артық жалғастыра алмайды, сондықтан бедеулікті емдеудің неғұрлым тиімді түрі экстрокорпоралды немесе «құтыда» ұрықтандыру әдістерін ұсынады.
Менің серігімді қашан тексеруден өткізуге болады? Бұл зерттеуге қанша уақыт кетеді?
Сіздің отбасыңыздағы бедеуліктің себебін анықтау үшін сіз серігіңізбен бірге тексеруден өтуіңіз керек. Спермограммада қандай да болмасын өзгерістер белгілі болған кезде, уроандролог дәрігерде сперматогенез коррекциясын жасау керек. Бұзылушылықты коррекциялауға спермограммада анықталған өзгерістерге байланысты 3 айдан 6 айға дейін уақыт кетуі мүмкін.
Ерлі-зайыптыны тексеруден өткізу қанша тұрады?
АМСК орталықтары дәрігерлерінің жолдамалары бойынша толық жалпы клиникалық, гормоналды, жұқпалы факторларды қоса алғандағы биохимиялық зерттеу, УДЗ, спермограмма, тар мамандар кеңесі ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде жасалады.
Жас ерекшелігіне қойылатын шек бар ма? ЭКҰ шарасын қай жасқа дейін жүргізуге болады?
Еуропалық Репродуктологтар Ассоцияциясының деректеріне сүйенсек, ЭКҰ шарасын жасау үшін қолайлы әйел жасы – 19 бен 37 жас аралығы. Оған қоса үнемі гормоналдық деңгейді, анабездік резерв бағалануы (жүктіліктің туу мүмкіндігі), эндокринологиялық кемшіліктің болмауы, туа біткен кемшіліктің болмауы және әйел жыныс мүшелерінің дамуындағы ауытқушылық, жұбайының спремограмма көрсеткіштерін ескеріп отыру қажет.
Біздің мемлекет тарабынан қандай да болмасын бағдарлама, дотация, квота бар ма?
«Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі ҚР кодексінің 99-бабына, сондай-ақ ««Қосалқы репродуктивті әдіс пен технология жасау ережелерін бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2009 жылғы 30 қазандағы № 627 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР ДСМ-нің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 162 бұйрығына сәйкес АМККК шеңберінде Қосалқы репродуктивті технология әдісі ЭКҰ-ны пайдалану дұрыс тәндік, эндокриндік дәрежесі бар, сондай-ақ анабездік резерві дұрыс ұрпақ жалғастыруға қабілетті кезеңдегі пациенттерге көрсетіледі.
Ақысыз медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде ЭКҰ шарасын жасаудың көрсеткіштері мыналар:
Түтікті-ішперделік фактормен негізделген әйел бедеулігі (гистеросальпингография және/немесе диагностикалық лапароскопиямен расталған жатыр түтігінің екеуі де болмаған жағдайда немесе жатыр түтігінің екеуінің де бітелісі кезінде);
Еркек бедеулігінің ауыр түрі (олиго-астено-тератозооспермия). Сперматогенез көрсеткіштері мынаған сәйкес болуы керек: шәует шашу көлемі 0,5мл-ден кем болмауы керек; рН – 7,2 – 7,8; шәуеттегі сперматозоидтың жалпы саны 500 мың/мл-дан асуы керек, белсенді қозғалушылары 25%, құрылысы дұрыс түрлері 2%-дан кем болмауы керек.
Бірінші талпыныстан ЭКҰ әдісінің тиімділігі қандай?
ЭКҰ-ның бірінші талпынысынан-ақ 20%-дан 30%-ға дейін ұрықтану ықтимал, бұл әдетті жолмен жүктілік тууының орташа жиілігінен бірнеше артығырақ. ЭКҰ бағдарламасы бойынша ұрықтану ықтималдығы ерлі-зайыптының жас ерекшелігіне, денсаулық жағдайына, қолданылатын препараттар мен материалдардың сапасына, алынған эмбриондардың сапасына және басқа да факторларға байланысты.
Талпыныс сәтсіз болған жағдайда қандай әрекеттер жасау керек?
Өз бетімен жүкті болу (30-40%) 100% талпыныста тумайтынындай, жасанды ұрықтандыру да 100% талпыныста тумайды. Сол себепті мынадай сұрақ тууы мүмкін: талпыныс сәтсіз болған жағдайда не істеу керек? ЭКҰ талпынысын қанша рет жасауға болады?
Бұл мәселе дербес шешіледі. ЭКҰ шарасы стандартты түрде бақылап отырғанда және дәрігердің сәйкес тәжірибелілігінде қауіпсіз болады және бірнеше рет қайталауға болады. Кейбір жұпта жүктілік 3-4 талпыныста туады. Талпыныс жасаудың санының саналы шегі бар, оны нақты жағдайға байланысты дәрігер анықтайды. Талпыныс қайталанғанда жағдай жасай отырып алған криоэмбриондарды пайдалану орынды. Өкінішке орай, репродуктолог дәрігерлердің ешқайсысы ЭКҰ кезінде жүктіліктің тууына 100% кепіл бере алмайды (әлемдік статистиканың деректері бойынша).
Клиникада ЭКҰ әдісімен емдеудің бірінші курсынан кейін жүктілік тумағаннан-ақ дәрігер талпыныс сәттіздігінің себептерін анықтап, оларды жою мүмкіндіктерін қарастырады. Содан кейін ғана дәрігер ерлі-зайыптымен біріге отырып жаңадан жоспар құрып, соңғы қорытынды көптен күткен бала болатындай жолын қарастырады.
Сәтсіздіктен кейінгі келесі талпынысқа дейін қанша уақыт өтуі керек?
ЭКҰ шараларының аралығы тікелей сәтсіз талпыныс себептеріне байланысты. Бұл мәселе тікелей емдеуші дәрігермен келісіледі. Әдетте, келесі бағдарламаны бастау 1-3 етеккір циклынан кейін қайталанылады.
Егер біз жұбайымыз екеуіміз ЭКҰ шарасын өтуді жоспарласақ, ЭКҰ-ға дайындалу мақсатында толық тексерістен өтуді қай жерде жүзеге асыра аламыз?
Ерлі-зайыпты ЭКҰ шарасына дайындалу шеңберінде тексерістен өтуді № 3 қалалық перзентхана базасында орналасқан Отбасын жоспарлау және репродукция орталығында жүзеге асыра алады.

Уақытша еңбекке жарамсыздық қағазын беру ережелері туралы ақпарат
Құрметті Әйелдер! Адам құндылықтарының ішіндегі ең маңыздысы – денсаулық және өмір екені ешкімде күмән тудырмайды.
Бала өмірі және денсаулығы – бұл болашақ Қазақстанның денсаулығы, сондықтан Қазақстанның стратегиялық дамуының үздіксіз бөлігі – ана мен бала денсаулығын қорғау болып табылады.
Еліміздегі акушерлік және гинекологиялық көмек жағдайы қоғамда ерекше қызығушылық тудырады.
Астана қаласының медициналық мекемелерінде жүкті әйелдерге, гинекологиялық науқастарға, босанған әйелдерге медициналық көмек көрсетіледі, соған қарамастан бірде бір жүкті әйелде асқыну дамымайды деп айтуға болмайды. Жүктілікке бастапқыдан физиологиялық жағдай ретінде қарау керек, бірақ әйелдер мен медициналық қызметкерлер сақ болуы тиіс. Перинаталдық күтімнің негізгі принциптері болып табылады: барлық әйелдерге ерекше назар аудару, күтімнің жеке хаттамалары, әрбір қабылдауға келген сайын ана мен бала жағдайын бағалау, барлық дәрігер тағайындамаларын орындау жөніндегі науқастардың міндеттері.
Медициналық мекемелерде азаматтардың уақытша еңбекке жарамсыздығын растайтын құжаттардың берілу тәртібін сіз білу қажетсіз. Бұл құжаттарға жататын:
– уақытша еңбекке жарамсыздық парағы – азаматтардың уақытша еңбекке жарамсыздығын дәлелдейді және олардың жұмыс орнынан уақытша босатылу құқығын және уақытша еңбекке жарамсыздығы жөнінде төлемақы алуына мүмкіндік береді;
– уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамасы – еңбекке жарамсыздық фактін дәлелдейтін құжат, азаматтардың оқудан, жұмыстан төлемақысыз босатылуына негіз болып табылады.
Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы келесі жағдайларда беріледі:
– ауруға шалдыққанда;
– уақытша еңбекке жарамдылығынан айырылуына байланысты жарақат және улану кезінде;
– жасанды жүктілікті үзу;
– науқас бала немесе мүгедек бала күтімі кезінде;
– жүктілік және босануға байланысты демалыс уақытына;
– жаңа туған нәрестені асырап алу кезінде;
– емдеу-курорттық мекемелерде емін аяқтау кезеңіне;
– карантин кезеңіне.
Уақытша еңбекке жарамсыздық анықтамасының берілуі:
– жедел немесе созылмалы аурудың өршуі, жарақат және масаю, сонымен қатар жедел алкогольді немесе есірткемен улану кезінде;
– өзге бұзылыстар және аурулармен асқынбаған созылмалы маскүнемдік, нашақорлықты емдеу кезінде;
– науқас бала немесе мүгедек бала күтімі кезінде;
– кеңестік-диагностикалық мекемелерде инвазивті зерттеу әдістерін өті кезінде;
– шетел азаматтарына және Қазақстан Республикасында уақытша (демалыс, іссапар) азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.
Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға, Қазақстан Республикасында еңбек етіп жүрген:
1) мемлекеттік қызметкерлерге;
2) еңбек келісім шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға;
3) оқу мекемелерінде өндірістік тәжірибе өту кезінде ақылы жұмыс орындарында білім алатындарға.
Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы немесе анықтамасы жеке бас куәлігі құжатымен беріледі.
Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру және ұзарту медициналық қызметкерімен науқасты қарап және оның жағдайы медициналық амбулаторлық картаға (стационарлық, үйдегі стационар) уақытша жұмыстан босатылуын негіздейтін мәліметтерді жазғаннан кейін беріледі.
Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы немесе анықтамасы берілгенде мереке және демалыс күндері қосып есептеледі және уақытша еңбекке жарамсыздық орнатылғаннан кейін еңбекке жарамдылығы толық қалыптасқанға дейін беріледі.
Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы науқас дәрігерге қаралмаған күндерге берілмейді.
Ауру және жарақат алған кезде медициналық қызметкерімен уақытша еңбекке жарамсыздық парағы немесе анықтамасы бір данада бір уақытта үш күнтізбелік күнге және ұзақтылығы алты күнтізбелік күннен артық емес уақытқа медициналық мекеме бөлімше меңгерушісімен бірігіп беріледі.
Жұмыс күні аяқталғаннан кейін медициналық көмекке жүгінген азаматтарға жұмыстан босатылу уақыты уақытша еңбекке жарамсыздық парағында келесі күннен бастап көрсетіледі.
Уақытша еңбекке жарамсыздық парағы жүкті әйел диспенсерлік есепте тұрған мекеменің медициналық қызметкерімен беріледі. Стационарлық емдеу кезінде (күндізгі стационарды есептегенде) уақытша еңбекке жарамсыздық парағы стационарлық емдеу кезеңіне науқас аруханадан шыққан күні беріледі. Тұрақты мекен-жайынан кетіп және сол жерде ауруға шалдыққан азаматтарға еңбекке жарамсыздық парағы уақытша мекен еткен жерінде медициналық мекемеде беріледі.
Жұмыс істейтін студенттерге уақытша еңбекке жарамсыздық парағы тұрғылықты мекен-жайы бойынша медициналық мекемеде беріледі.
Әйелдерге жүктілік және босануға байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық парағы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жүктіліктің 30 аптасынан бастап беріледі.
Тұрақты мекен–жайынан және жұмыс орнынан тыс жерде еңбекке жарамсыз болған жағдайда (іс-сапар кезінде) уақытша еңбекке жарамсыздық парағы уақытша мекен еткен жердің медициналық мекеме басқарушысының рұқсатымен беріледі.
Жүктілікке және босануға байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық парағы акушер-гинеколог дәрігерімен жүктіліктің 30 аптасында ВКК қорытындысынан кейін ұзақтығы 126 күнтізбелік күнге беріледі (70 күн босануға дейін және 56 күн босанғаннан кейін).
Ядролық сынаққа шалдыққан аймақта тұратын әйелдерге жүктілікке және босануға байланысты уақытша еңбекке жарамсыздық парағы жүктіліктің 27 аптасынан ұзақтығы 170 күнтізбелік күн қалыпты босану кезінде және 184 күн босану кезінде асқыну немесе екі және одан да көп бала босанған кезде беріледі.
Медициналық бақылау аймағынан шығып кеткен жүкті әйелдерге уақытша еңбекке жарамсыздық парағы уақытша мекен еткен жерде бақыланатын медициналық мекемесімен беріледі.
Босану кезінде асқыну болған жағдайда: уақытынан ерте босану, оперативті босану, гестоздың ауыр түрлерінде, жатыр қуысын қолмен тексеру, акушерлік қысқыштар қолданған кезде, ұрықтың вакуумэкстракциясы кезінде, екі және одан да көп бала туылғанда қосымша 14 күнтізбелік күнге уақытша еңбекке жарамсыздық парағы денсаулық сақтау мекемесінің босандыруға көмек көрсететін көшірмеге сәйкес жүкті әйелдің бақылау жері бойынша амбулаторлы-емханалық ұйымында беріледі. Осы жағдайларда босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі демалысының толық уақыты 140 күнтізбелік күн.
Жүктілік басталған кезінде әйелдің ақылы демалыс кезіне және еңбек ақысы сақталмайтын демалыс кезеңінде, баланың үш жылға дейінгі күтімі бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы жүктілік және босану бойынша барлық күнге беріледі.
Жүктіліктің 22 аптасынан бастап 29 аптаға дейінгі кезеңіндегі тірі нәрестенің тууылуы жағдайында және дене салмағы 500 граммнан және одан артық 7 тәуліктен артық өмір сүрген нәресте, әйелге уақытша еңбекке жарамсыздық парағы босану күнінен бастап 70 күнтізбелік күн беріледі.
Жүктіліктің 22 аптасынан бастап 29 аптаға дейінгі кезеңіндегі өлі нәрестенің тууылуы жағдайында және дене салмағы 500 граммнан және одан артық 7 тәулікке дейін өлі нәресте, әйелге уақытша еңбекке жарамсыздық парағы босану күнінен бастап 56 күнтізбелік күн беріледі.
Жүктілікті жасанды үзу операциясы кезінде уақытша еңбекке жарамсыздық парағы дәрігер мен бөлімше меңгерушісімен бірге стационар мен амбулаторлы-емханалық дәрежесінде болу уақытына еңбекке жарамсыздық парағы беріледі, операция болған жерде, ал асқыну болған жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздық барлық кезеңіне беріледі.
Түсік тастау кезінде уақытша еңбекке жарамсыздық парағы барлық еңбекке жарамсыздық кезеңіне беріледі.
Эмбрионды орнықтыру операциясын жүргізу кезінде уақытша еңбекке жарамсыздық парағы жүктілікті бекіткен фактісіне дейін эмбрионды орнықтыру күнінен бастап операцияны өткізген медициналық мекемесінде беріледі.
Науқас баланы немесе мүгедек бала күту бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы тікелей күтімді іске асыратын отбасының бір мүшесіне немесе қорғаушысына медициналық қызметкерімен беріледі.
Баланы немесе мүгедек баланы стационарлық емдеу кезінде медициналық қызметкерінің қорытындысы бойынша күтімді қажет ететін уақытша еңбекке жарамсыздық парағы күту бойынша отбасының бір мүшесіне немесе күтушіге беріледі.
Екі немесе одан көп баланың бір уақытта науқастанған кезінде олардың күтімі бойынша бір уақытша еңбекке жарамсыздық парағы беріледі.
Баланы немесе бала-мүгедек күтімін іске асыра алмағанда анасының немесе әкесінің ауырған жағдайда баланы немесе бала-мүгедек күтімін іске асыратын фактісі бойынша анасы (әкесі) ауырған мерзіміне уақытша еңбекке жарамсыздық парағы отбасының бір мүшесіне беріледі.
Құрметті пациенттер, бұл ақпаратты сіздер жүктілік және босану бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы әзірлеу мерзімінде білуіңіз және бұзбауыңыз қажет, сіз бақыланатын мекеменің медициналық қызметкерінің нұсқауын орындауыңыз қажет.