«ҰЛТТЫҢ БАСТЫ ҚАУІПІ – ОРЫС МЕКТЕПТЕРІ !..»

Қыздар – АНАЛАР өз тілінде сөйлемесе ҰЛТ құрдымға кетеді
Неге шешендер орыстанбайды? Себебі, олар балаларын орыс балабақшасы мен орыс мектептеріне бермейді! Орыстың әйгілі генералы Иван Корниловтың айтқаны шындық болды:
«ОРЫС ШТЫГЫНЫҢ (НАЙЗА) БІТІРЕ АЛМАҒАНЫН ОРЫС МЕКТЕПТЕРІ, ОРЫС ШЕНЕУНІКТЕРІ МЕН ОРЫСТЫҢ ДІН ҚЫЗМЕТШІСІ АЯҚТАЙДЫ».
«Орыс мектептері ұлттың басты қауіпі» деп армян зиялылары да байбалам салып жатыр.
АҚ ПАТШАНЫҢ ТҰСЫНДАҒЫ ОРЫС МИССИОНЕРІ ИЛЬМИНСКИЙ «АБОРИГЕНДЕРДІ» (БАСҚА ҰЛТ ӨКІЛДЕРІН) ОРЫС МЕКТЕПТЕРІНДЕ ОҚЫТСА (ӘСІРЕСЕ, ҚЫЗ БАЛАЛАРДЫ) ОЛАР ТЕЗ ОРЫСТАНАДЫ ДЕП АЙТҚАН.
Ана тіліміз бен ұлттық тәрбиенің уызына жарымаған қазақ әйелдерінің кесірінен отбасылық қасиеттерінің әлсіреуі ұлтымызды құрдымға жіберетін түрі бар.
Ертедегі грек данышпандары:
«ҰЛДЫ ТӘРБИЕЛЕСЕҢ, ЖЕРДІҢ ИЕСІН ТӘРБИЕЛЕЙСІҢ, ҚЫЗДЫ ТӘРБИЕЛЕСЕҢ, ҰЛТТЫ ТӘРБИЕЛЕЙСІҢ» ДЕП ТЕККЕ АЙТПАҒАН ҒОЙ.
«Қазақ елі»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған