Ұлт жоспары – Ұлы істерге бастайтын маңызды құжат

 

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру» тақырыбында Жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссия мүшелерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева төрағалық өткен жиында Ұлттық комиссия мүшелері Ұлт жоспарының 5 бағыты бойынша жасалған жұмыстардың алғашқы нақты нәтижелерін баяндады. Дариға Нұрсұлтанқызының айтуынша, қазіргі кезеңде оны тиімді іске асыруға толықтай негіз бар. Бұл күнде әлемдік стандарттарға сай келетін 59 заң қабылданып, 400-ден астам нормативтік-құқықтық акті дайындалды. Олардың бәрі күшіне енген және заң шығару жұмыстары биыл да жалғасатын болады. Қазақстанның барлық облыстарын онлайн режимде қамтыған брифинг барысында 80-ге жуық республикалық және өңірлік БАҚ өкілдерінің еліміздің жағдайы туралы жан-жақты сауалдарына жауап берілді. Журналистер еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдан бастап, сыртқы сауданы жүргізу рәсімдері мен инвестициялық жобаларға қатысты да сұрақтарына нақты жауап ала алды.