ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты — ауданымызда

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жигули Дайрабаев жұмыс сапарымымен ауданымызға ат басын бұрып, өңір шаруаларымен кездесу өткізді.
Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек, аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы қатысты.
Басқосуда мәжілісмен Парламент қабырғасында атқарылған жұмыстар, көтерілген мәселелер жайында қысқаша ақпарат беріп өтті.
Сондай-ақ ауылшаруашалық бағытындағы тың өзгерістер мен тиімді жобалар жайына тоқталып, шаруалардың талап-тілегіне назар аударды.