Қош келдің, Рамазан!

Мұсылман қауымы аңсаған Рамазан айы да келіп жетті. Бұл ай – кешірім айы, құлшылық айы!  Сауаптар еселене көбейетін бұл күндері, бір-бірімізге жақсылық жасауға, жақсы сөз айтуға тырысайық. Оның ләззатын, қуанышын сезінейік ағайын!

Еліміздің іргесі мығым болсын деп, ұлтымыз ірі болсын деп, халқымыз іргелі елдердің бірі болсын деп Алла Тағаладан дұға етейік. Басшыларымыз  әділ болса, ұлтына жақын болса,  жастары сабырлы болса, қариялары ақылды болса алар асуымыз да биік.  Ынтымақ – бірлігімізге сызат түспесін ағайын. Ырыздық пен несібені беруші Жаратқан раббымыз ғана. Олай болса Иеміздің бұйрығына бой ұсынып, таңның атысынан күннің батысына дейін ораза ұстап, игілікті іске ат салысып, жаманнан жиреніп, жақсылықты үйренейік. Дау-дамайды доғарып, ізгілікті жол қылайық! Әр күніміз арайлы болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, мамыражай заман болсын!

Ізгі ниетпен, «ЕлАна» сайтының ұжымы