ҚАЗАН ШЕГЕЛЕУ

Өздері жақсы танитын, әзіл-қалжыңы жарасқан адамдар бір-бірінің үйіне бас қосып, “осы үйдің қазанын шегелей келдік” дейді. Үй иесі әзілмен “жақсы болды ғой, қазан шегелегіш шебер іздеп отыр едік деп қонақжайлылық танытып, оларға қазан көтереді. Демек, Қазан шегелеу – қонақ бола келдік деген ұғымды білдіреді. “Қазан шегелеу” қыс ортасы ауып, күн ұзарған мезгілде басталады.