Қарағандыдан өрттен зардап шеккен қостанайлықтарға алғашқы көмек партиясы жіберілді

Қарағанды облысы Қостанай өңіріндегі қасыреттен шет қалған жоқ. Орман өрттерінен зардап шеккендерге көмек барлық қалалар мен аудандардан жиналуда. Бүгін Қарағанды облысының әкімдігінен гуманитарлық жүк тиелген екі жүк көлігі жөнелтілді.
Бірінші партияға қажеттінің бәрі кірді: тамақ, жеке гигиена құралдары, дәрі-дәрмектер, киім және т. б.
Көмек көрсету үшін кәсіпкерлер, қоғам қайраткерлері, этномәдени бірлестіктер біріктірілді. Көмек қабылдау пункттерін Amanat партиясының барлық филиалдары, сондай-ақ өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен Достық үйі ашты.

– Кеше, 4 қыркүйекте, өрттен зардап шеккендерге көмек көрсету штабтары Қарағанды облысындағы Amanat партиясының барлық филиалдарында таңғы 9-да ашылды. Ақпарат бірден таралды. Кәсіпкерлер, партиялықтар және жай ғана жанашыр адамдар өз үлестерін қосуға ниет білдірді. Олар қоңырау шалып, көмек көрсетуде, – дейді “Жастар рухы” Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Ержан Хамитов. – Сондай-ақ, жастар белсенділері, еріктілер қосылды.
Бүгін гуманитарлық көмек қалалар мен аудандардан жеткізіліп, дереу жүк көліктеріне тиеліп, зардап шеккендерге жіберіледі.
Қарағандылықтар заттар жинаумен шектелмейді.
Қоғамшылдар ашқан бірыңғай қорға ақшалай көмек те жиналады.

Жомарт Шаймұрат