Қарағанды облысының кеншілерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

С.Сейфуллин атындағы Қарағанды театрында әртістерге емес, ең ержүрек мамандық иелері – кеншілерге қол шапалақтады. Кәсіби мереке құрметіне арналған салтанатты жиналысқа өндіріс озаттары, еңбек ардагерлері шақырылды. “Шахтер даңқы” атты жаңа кавалерлерге, еңбек әулеттері өкілдеріне құрмет көрсетілді.
– Кенші – отандық өнеркәсіптің ең маңызды мамандықтарының бірі екені әрқайсымыз. Кеншілер еңбегінің нәтижесі еліміз үшін, өңіріміз үшін, әрбір қазақстандық үшін маңызды. Бұл жұмыс барынша шыдамдылықты, батылдық пен адалдықты қажет етеді. Біз қарағандылық кеншілердің еңбектегі ерліктерін әрдайым есте сақтайтын боламыз, – деп кеншілерді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек құттықтады.
Бүгінде облыста 10 шахта және 12 көмір разрездері жұмыс істейді. Көмір саласында шамамен 90 мың адам бар.
Кеншілердің қазіргі ұрпағы ардагерлердің дәстүрлерін жалғастыруда. Оларға ерекше алғыс сөздер айтылды.

– Ардагерлердің жастармен өз тәжірибесімен бөлісетіні қуантады. Кенші мамандығы мақтаныш пен құрмет сезімін ұялатады және әрқашан абыройлы болып қала бермек. Біз тек бірге ғана алға жылжи аламыз, – деді AMT бас директоры Биджу Наир.
Марапаттар үздік қызметкерлерге, тәлімгерлерге берілді.
Он бір адам III дәрежелі “Шахтер даңқы” төсбелгісімен марапатталды. Тағы 17 адам “Кенші даңқы” белгісінің иегерлері атанды.
– 21 жыл жұмыс істеймін. Отбасымызда атам да, әкем де шахтада жұмыс істеді. Біздің жұмысымыз нағыз ер адамдарға арналған, әркім жер астына түсе алмайды, – деп есептейді “Шахтер даңқы” төсбелгісінің толық кавалері Геннадий Максяткин, ЖМШМД № 2 Тау учаскесі бастығының көмекшісі. – Біз газсыздандырумен айналысатындықтан, алғаш жол салушылар болып саналамыз. Яғни, біз басқа кеншілер үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етеміз. Жалпы, шахтада, тіпті жер бетінде де оңай жұмыс жоқ.
Кәсіби мерекеге орай “АрселорМиттал Теміртау” компаниясы кәсіпорындарының 3 400-ге жуық қызметкері ведомстволық наградалар, құрмет грамоталары, алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар алады.

Салтанатты жиналыста үздік тәлімгерлердің есімдері айтылды. Бұл атауға И.А. Костенко атындағы шахтаның үңгілеушісі Валерий Бабич және Т. Күзембаев атындағы шахтаның жерасты тау-кен жұмысшысы Марат Айбабин лайықты деп танылды.
Ең үздік шахтерлер әулеті Қасымовтар (“Тентек” шахтасы) және Ивановтар (Т.Күзембаев атындағы шахта) отбасылары болды.
– Біздің барлық туыстарымыз “Тентек” шахтасында жұмыс істеді және әлі күнге дейін еңбек етуде. Тіпті әжем де бір кездері жарғыш болған. Әулетіміздің жалпы еңбек өтілі 100 жылдан асады, – дейді Нина Қасымова. – Мен өзім зейнеткермін, 21 жыл жұмыс істедім. Бүгін менімен бірге кіші ұлым жұмыс жанымда. Ол да ағасы сияқты шахтада қызмет етеді. Мен өз отбасымның атынан баршаға денсаулық, отбасылық бақыт және бар жақсылықты тілеймін.
Кеншілерге жергілікті әртістер мен қазақстандық эстрада жұлдыздары өздерінің концерттік нөмірлерін тарту етті.
Дәстүр бойынша Кеншілер күні тамыздың соңғы жексенбісінде атап өтіледі. Ресми түрде кәсіби мереке 1947 жылдың тамызында бекітілді. Сол кезде “Құрметті шахтер” атағы үйлестірілді.

Жомарт Шаймұрат