Қарағанды облысының ақындары мен жыршыларын «Бұқарекең жырлайды» байқауына қатысуға шақырады

Қарағандылық ақын-жыршылардың дәстүрлі “Бұқарекең жырлайды” облыстық байқауы биыл Қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновқа арналды. Ол 14 қазанда өтеді.
Шығармашылық сайыс төрт номинациядан тұрады:
– “Бұқар жырауша” – байқауға қатысушылар жыраулар стилінде өлең жазып, ондағы қоғамның негізгі мәселелерін ашуы керек;
– “Бұқар жырау оқулары” – Бұқар жыраудың шығармаларын жатқа оқу қажет;
– “Жыршы-жыраулар” – Бұхар-жыраудың шығармаларын музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындау (қобыз, домбыра, керней және т. б.);
– “Әлемді түгел білсе де” – Бұқар жыраудың шығармаларын әр түрлі ұлт өкілдерінің және әр түрлі тілдерде орындауы.
Байқау бір кезеңнен тұрады. Қазылар алқасы әр номинация бойынша жүлдегерлерді жеке анықтайды.
Байқауға Қарағанды облысының барлық тұрғындары қатыса алады. Қатысушылардың жасы шектеусіз.
Өтінімдер 1 қазанға дейін Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 32 мекен-жайы бойынша немесе электронды пошта арқылы қабылданады: karonmc@mail.ru.
Ережемен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://onmcdint.kz/polozheniya-o-provedenii-konkursov-i-festivalej-page/.
Конкурс туралы толық ақпаратты (8-7212) 42-50-33, 42-50-95 телефондары арқылы білуге болады.
Әр номинацияның жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
“Бұқарекең жырлайды” байқауын облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы 2008 жылдан бастап өткізіп келеді.

Жомарт Шаймұрат