Қарағанды облысында 1-сыныпқа түсу үшін 17 мың өтініш қабылданды

Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды қабылдау аяқталды. Қарағанды облысында болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары 17 мың өтініш берді.
“Құжаттарды қабылдаудың 4 айында 17 мың өтініш қабылданды, оның 82%-ы электронды форматта. Балалардың 53%-ы қазақ тілінде оқытатын сыныптарға қабылданды. Қазақ тілінде білім алатын сыныптардың басым бөлігі Ақтоғай (94,6 %), Қарқаралы (88,5 %), Шет (88,2 %) аудандарында және Приозерск (78,8 %) пен Балқаш (76%) қалаларында”, – деп хабарлады Білім басқармасынан.
Ең көп бірінші сынып оқушылары Балқаш, Қарағанды, Теміртау, Шахтинск қалаларында, сондай-ақ Абай, Бұқар Жырау, Қарқаралы және Шет аудандарында болды.

Жомарт Шаймұрат