Қадір түні – мың айдан да артық

Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

«Кімде-кім Қадір түнінде, сауабын Алла Тағаладан күтіп, шын ықыласымен өткізсе оның өткен күнәлары кешіріледі.» ( Бухари, Иман: 35; Тирмизи, Саум: 1 / )

 ***

Хазіреті Айша анамыз Пайғамбарымыздан (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):”Иә Расулуллаһ, Қадір түнінде не деп дұға етейін?”, -деп сұрады. Сол кезде пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: “Иә Алла Тағала, Сен барша күнәларды кешірусің, кешіруді жақсы көресің, менің де күнәмді кешіре гөр деп дұға ет“, -деді. Арабшасы:  Аллаһуммә иннәкә ‘афуун, туһиббул-‘афуа, фа’фу ‘анни ( Тирмизи, Дауат: 84 / )

 ***

 Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

«Қадір түнін Рамазанның соңғы он күнінде іздеңдер.» ( Муслим /)

 ***

 Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын):

«Қадір түні Рамазанның 27-ші түні.» ( Муснәд, 2:27 / )