Құранның құдыреті

«Әйелімнің енді жүкті болған кезінде екеуіміз бірге Астанадағы емханалардың біріне бардық. Дәрігер тексеруден кейін бізге баланың сау емес екенін айтты. Даун ауруының симптомдары болғандықтан, баланың жүрек ауруымен туу мүмкіндігі жоғары екенін ескертті. Дәрігер бізге жүктілікті жалғастырмауымызды сұрап, оны қағазға жазып, растауымызды өтінді. Біз ұзақ ойланып, ақыры шеші­мімізді жазып қалдырдық. Жазғанда да, біз бала қандай болып туса да бас тартпайтынымызды әрі дәрігерлерге ешқандай қарсылығымыз жоқ екенін жаздық.

Амалсыздан алдағы өмірімді ауру баланың күтімі, тамақтануы мен өмі­рімнің соңына дейін қандай қиындық­тармен күресетініме дайындай бас­тадым. Бірақ, әзірге дүние есігін аш­паған балаға деген әкелік махаббатым барлық қиындықты жеңіп шықты. Ютубтан осындай балалар туралы, олардың проблемалары мен қиын­дықтары туралы видеолар қарадым. Кейде еріксіз көз жасыма ерік беретін­мін. Неліктен өмір маған бұлай әділет­сіздік танытты деп түсіне алмай, дал болатынмын. Қайдағы бір нашақорлар мен алқаштардың балалары сап-сау өмірге келеді…
Бір күні жұма намазда имам «Әл-Фатиха сүресінде елуден аса ауруға шипа бар» деген пайғамбарымыз (с.ғ.с) сөзін айтты. Сол күннен бастап әрбір түні әйелімнің ішіне қолымды қойып, дені сау ұрпақ өмірге келуінен үміттеніп, әл-Фатиха сүресі мен Бақара сүресінің аяты – Аятул-Күрсиді оқитын болдым.
Тоғыз айдан кейін ұлды болдық. Сенесіз бе…” (жалғасы – мына сілтемеде)

С. Сыбанбай

Жылына бір рет келетін 12 айдың сұлтаны Рамазан айы — әрбір мұсылман, сіз бен біз үшін жылдың бір мезгілінде «не үшін өмір сүріп жүрмін, қалай өмір сүріп жатырмын, қандай жолда келемін, мен кіммін? Осы күнге дейін не бітірдім, ақыретім қалай болмақ? Құдаймен байланысым қалай? Мұсылманның неше парызын орындап үлгердім?» деген сынды сауалдарға ойланып, жауап із­дейтін, ораза ұстаған жандарға ауыз­ашар беріп, сауап жинайтын берекелі ай.

Адамдардың тілеген тілегі мен дұғасы қабыл болатын қасиетті айда Құранды оқыған, тіпті, тыңдаған адамға сансыз сауаптар жазылатындығымен қатар, оның ерекше шипалық қасиетін білсек те, кейде тереңінен мән бере бермейміз.

Жақында әлеуметтік желілердің бірінде Нұрдәулет Тәңірберген есімді азаматтың орысша жазбасын оқып, Құранның құдыретіне тағы да бір куә болдық. Оқыған жанға ғибрат боларлық өмірдің өзінен алынған оқиғаны аударып беруді жөн көрдік.

«Әйелімнің енді жүкті болған кезінде екеуміз бірге Астанадағы емханалардың біріне бардық.

Дәрігердің тексеруінен өткеннен кейін ол бізге баланың сау емес екенін айтты. Даун ауруының симптомдары болғандықтан, баланың 100 пайызға жүрек ауруымен туылу мүмкіндігі жоғары екендігін ескертті. Дәрігер бізге жүктілікті жалғастырмауымызды сұрап, оны қағазға жазып, растауымызды өтінді. Біз ұзақ ойланып, ақыры шеші­мімізді жазып қалдырдық. Жазғанда да, біз бала қандай болып туылса да бас тартпайтындығымызды әрі дәрігерлерге ешқандай қарсылығымыз жоқ екенін жаздық.

Амалсыздан алдағы өмірімді ауру баланың күтімі, тамақтануы мен өмі­рімнің соңына дейін қандай қиындық­тармен күресетініме дайындай бас­тадым. Бірақ, әзірге дүние есігін аш­паған балаға деген әкелік махаббатым барлық қиындықты жеңіп шықты.

Ютубтан осындай балалар туралы, олардың проблемалары мен қиын­дықтары туралы видеолар қарадым. Кейде еріксіз көз жасыма ерік беретін­мін. Неліктен өмір маған бұлай әділет­сіздік танытты деп түсіне алмай, дал болатынмын. Қайдағы бір нашақорлар мен алқаштардың балалары сап-сау өмірге келеді…

Бір күні жұма намазда имам «Әл-Фатиха сүресінде елуден аса ауруға шипа бар» деген пайғамбарымыз (с.ғ.с) сөзін айтты. Сол күннен бастап әрбір түні әйелімнің ішіне қолымды қойып, дені сау ұрпақ өмірге келуінен үміттеніп, әл-Фатиха сүресі мен Бақара сүресінің аяты – Аятул-Күрсиді оқитын болдым.

Тоғыз айдан кейін ұлды болдық. Сенесіз бе, сап-сау, тіпті, жүрегінде ешбір ақауы жоқ ұл бала дүниеге келді. Қазір ұлыма бір жас алты ай. Ол, тіпті, өзінің қатарластарынан тез дамуда, әрі өз жасынан ерте сөйлей бастады. Өз өмірімде болған бұл оқиға арқылы мен сіздерге қайда болсаңыз да, басыңыздан қандай жағдай кешсеңіз де Жарату­шыға деген сеніміңізді жоғалтпай, Алланың шексіз  мейірімділігінен күдер үзбеңіз дегім келеді.

Алла – Ұлы, Ол бәрін білуші, Ол кешірімшіл! Аллаху әкбәр! Бақытты болыңыздар!».

P.S. Астаналық азаматтың әлеуметтік желіге жазған бұл жансырын жариялау арқылы біз баласының қандай да бір ауруы­мен күресіп жүрген ата-аналарға, «Ақшамның» оқырмандарына пайдалы болар деген ниетті ғана көздедік.

Әсел ДАҒЖАН