Ғаламтор беттерінде бесемнің суреттері пайда болды

Бесемді дүниеге әкелген аустралиялық тұрғынның нәрестелермен түскен суреттері әлеуметтік желілерді жаулап алды, – деп хабарлайды Daily Mail. Бұл туралы Lenta.ru басылымы жазды.

5 ем мамасымен

Ким және Вон Туччи (Kim and Vaughn Tucci) 2016 жылдың қаңтарында төрт қыз бен бір ұл баланың ата-анасы атанған. 26 жастағы әйел бірнеше айдан кейін жаялыққа оралған нәрестелермен бірге фотосессияға түседі. Ерлі-зайыпты суреттерді Facebook желісіндегі Surprised by Five парақшасында жариялады.
 The Daily Mail мәліметінше, балаларға аптасына 350 жөргек кетеді екен.

Дереккөз: Қамшы порталы